«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ

22.06.2026 17:13:36 273

Соңғы екі жыл ішінде елімізде «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауқымды экологиялық жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, қазақстандықтар 2 млн тоннаға жуық қоқыс жинап, 5,5 млн ағаш отырғызды.

Осы уақыт аралығында 1500-ден астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылып, оған 6,5 млн-ға жуық адам қатысты.

Әсіресе жастар тарапынан белсенділік жоғары болып, табиғатты қорғау бағытындағы игі бастамалардың алдыңғы шебінен көрінді.

«Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениетті қалыптастырып, еліміздің таза әрі көрікті болашағына жол ашатын маңызды бастама.

#ТазаҚазақстан #ТазаҚала #Экология #ҚоршағанОрта #Тазалық #ЖасылҚала