«Keleshek: Білім мен тәрбие интеграциясы» атты облыстық семинар өтті
30.06.2026 18:39:04 299
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «№1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де (Келешек мектебі) «Keleshek: Білім мен тәрбие интеграциясы» атты облыстық семинар өтті.
Семинарға Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы, Аманжолов Дулат Аманжолұлы (онлайн), Агибаев Нуржан Оразбекұлы, Кәдірбеков Медет Кәдірбекұлы және өңірдегі Келешек мектептерінің басшылары мен педагогтері қатысты.
2025 жылы ашылған 300 орындық мектеп бүгінде 446 оқушыға білім беріп, 56 педагог қызмет атқаруда. Мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталған, кең әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастырған.
Іс-шара барысында 16 ашық сабақ, 4 тәрбие сағаты және 2 мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. Аманжолов Дулат Аманжолұлы «Әдістемелік қызметтегі трендтер: жасанды интеллект» тақырыбында баяндама жасады.
Семинардың ерекше бөлігі Қарабаш орман резерватында жалғасып, Art-Hub форматындағы шығармашылық жұмыстар және арт-терапиямен толықты.
Сондай-ақ, 10 стратегиялық бағыт бойынша көрме ұсынылып, білім сапасы, ғылым, STEM, жасанды интеллект, оқырман мәдениеті, дебат, өнер мен домбыра, ұлттық спорт және кәсіби бағдар бағыттары қамтылды.
✨ Семинар – заманауи білім берудің тиімді тәжірибесін көрсеткен, педагогтер үшін маңызды тәжірибе

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1235151?lang=ru