Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
30.06.2026 18:41:41 63
Құрметті ауыл тұрғындары!
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз еліміздің тұғыры, халқымыздың бірлігі мен егемендігінің айқын белгісі. Ту, Елтаңба және Әнұран – әрбір қазақстандықтың мақтанышы, Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметінің нышаны.
Бұл мереке жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, ел тарихы мен ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыра түседі. Мемлекеттік рәміздеріміз әрдайым биікте желбіреп, еліміздің мерейі үстем, мәртебесі асқақ болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік және еліміздің гүлденуі жолындағы игі істеріңізге табыс тілеймін.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың көк байрағы мәңгі желбіреп, Елтаңбамыздың абыройы асқақтап, Әнұранымыз әлем төрінде шырқала берсін!
Құрметпен,
Баянды ауылының әкімі
Қадырбек Құдабайұлы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1234814?lang=ru
