Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтайды!
30.06.2026 19:03:18 213
Мемлекеттік рәміздер — Ту, Елтаңба және Әнұран — еліміздің тәуелсіздігі, егемендігі мен ұлттық бірлігінің айқын көрінісі. Олар Қазақстан халқының бай тарихын, мәдени мұрасын және бейбітшілікке, жасампаздық пен өркендеуге деген ұмтылысын бейнелейді.
Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, амандық, еңбекте табыс және Отанымыздың игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілейміз. Әр шаңырақта бейбітшілік пен татулық орнап, ертеңгі күнге деген сенім нығая берсін. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет патриоттық рухты күшейтіп, елімізге деген мақтаныш сезімін арттыра берсін.
Мереке құтты болсын! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1234039?lang=ru