«Жасыл ел» еңбек жасағы жұмыстарын бастады

«Жасыл ел» еңбек жасағы жұмыстарын бастады

30.06.2026 19:08:53 337

 

 

Баянды ауылында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы өз жұмысын бастады. Жасақ мүшелері елді мекендердің тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарға кірісті.

Жастар саябақтар мен көшелерді қоқыстан тазалап, тұрғындар көп шоғырланатын аумақтардың санитарлық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосуда.

«Жасыл ел» еңбек жасағының қызметі жастарды еңбекке баулумен қатар, экологиялық мәдениетті нығайтуға және туған өлкенің көркеюіне ықпал етеді. Алдағы уақытта жасақ мүшелері тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратын болады.

⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1233274?lang=ru