Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

30.06.2026 19:10:31 265

 

Құрметті ауыл тұрғындары! Қадірлі балалар!

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Балалық шақ – өмірдің ең бақытты әрі жарқын кезеңі. Бүгінгі бүлдіршіндер – ертеңгі ел тірегі, Тәуелсіз Қазақстанның болашағы. Сондықтан балалардың амандығы, сапалы білім мен саналы тәрбие алуы әрқашан басты назарда болуы тиіс.

Осы мерекеде барша балаларға шаттық, қуаныш, мықты денсаулық және оқуда табыс тілеймін. Армандарыңыз орындалып, әрқашан ата-аналарыңыздың мақтанышы, елдің абыройлы азаматы болып өсіңіздер!

Әр үйге береке, әр отбасына амандық тілеймін. Балалардың күлкісі ешқашан үзілмесін!

Құрметпен, Баянды ауылының әкімі Қадырбек Құдабайұлы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1232925?lang=ru