Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады

Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады

30.06.2026 19:15:59 207

✔️Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашты.

✔️Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды.

✔️Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызықты экскурсия ұйымдастырылды.

✔️Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді.

✔️Жеткіншектер Қазақстан тарихы туралы жан-жақты мәлімет алып, Тәуелсіздік құндылықтарының маңызына бойлады.

✔️Экскурсия соңында балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1232242?lang=ru