Шығыс Қазақстан облысында мектеп жанындағы жазғы тілдік лагерьлер маусымы басталды

Шығыс Қазақстан облысында мектеп жанындағы жазғы тілдік лагерьлер маусымы басталды

30.06.2026 19:16:08 332

2026 жылғы 1 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысында жазғы мектеп жанындағы тілдік лагерьлер өз жұмысын бастады. Оған 4255 оқушы қамтылды. Оқушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға, сөздік қорын кеңейтуге және қолайлы тілдік орта қалыптастыруға бағытталған.

Лагерь аясында оқушыларға тілдік сабақтар, интерактивті ойындар, шығармашылық шеберлік сағаттары, зияткерлік байқаулар және мәдени-танымдық іс-шаралар өткізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1232235?lang=ru