Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өтті
01.07.2026 20:43:43 160
Қоғамдық келісімді нығайтуға және конституциялық реформаларды ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру аясында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен «Қазақстанның жаңа Конституциясынан нақты қадамға: реформалар дәуіріндегі әлеуметтік бірлік пен құқықтық тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – әділеттілік, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттарын нығайтуға бағытталған конституциялық өзгерістердің іс жүзінде жүзеге асырылуын талқылау, сондай-ақ Әділетті Қазақстанды құру үдерісінде азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру мәселелерін қарастыру болды.
Кездесу барысында қатысушылар жаңа Конституцияның қабылдануы елдің саяси жаңғыруындағы маңызды кезең болғанын атап өтті. Бүгінде заңнаманы жетілдіруге ғана емес, оны тәжірибеде тиімді қолдануға да ерекше көңіл бөлінуде. Сондықтан құқықтық тәртіпті нығайту, құқықтық мәдениетті дамыту және қоғамдық бірлікті сақтау бағытында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және жұртшылықтың бірлескен күш-жігері айрықша маңызға ие.
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері азаматтардың құқықтарын қорғауға, жастарды қолдауға, волонтерлік қозғалысты дамытуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар азаматтық белсенділікті арттыру, халықтың құқықтық санасын қалыптастыру және мемлекеттік институттармен өзара іс-қимылды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ашық пікір алмасу барысында қатысушылар реформаларды іске асырудың өзекті мәселелері бойынша ой бөлісіп, алдағы ынтымақтастықтың тетіктерін талқылады және әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге қоғамның қатысуын күшейту жөнінде ұсыныстар әзірледі.
Кездесу қорытындысында қатысушылар конституциялық реформаларды табысты іске асыру азаматтық қоғамның белсенді қатысуы, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім, сондай-ақ заңдылық, әлеуметтік жауапкершілік және Қазақстан халқының бірлігі қағидаттарын бұлжытпай сақтау жағдайында ғана мүмкін екенін атап өтті.
Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы сындарлы диалогты нығайтуға, реформаларды жүзеге асыруда күш-жігерді біріктіруге және елдің тұрақты дамуын, қоғамдық тұрақтылық пен азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған ортақ мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді.
