Шығыс Қазақстан облысының екі ауылы Қазақстанның 2026 жылғы ең үздік туристік ауылдарының ТОП-5 тізіміне енді
11.07.2026 13:35:35 296
Республикалық конкурс қорытындысы бойынша Қазақстанның 2026 жылғы ең үздік туристік ауылдарының ТОП-5 тізімі анықталды. Жеңімпаздар қатарына Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданындағы Берел және Коробиха ауылдары енді.
Сонымен қатар еліміздің ең үздік туристік ауылдарының бестігіне Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Басши ауылы, Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Торайғыр ауылы және Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Имантау ауылы кірді.
Берел мен Коробиханың еліміздің ең үздік туристік ауылдары қатарына енуі Қазақстандағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі саналатын Катонқарағай ауданының жоғары туристік әлеуетінің мойындалуы болып табылады. Аталған елді мекендер туристерді бірегей табиғи ландшафттарымен, бай тарихи-мәдени мұрасымен, өзіндік дәстүрлерімен және экологиялық әрі танымдық туризмді дамыту мүмкіндіктерімен тартады.
Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысы 2026 жылы Қазақстанның ең үздік туристік ауылдарының ТОП-5 тізіміне бірден екі ауылы енген еліміздегі жалғыз өңір болды.
Бұл жетістік жергілікті атқарушы органдардың, ауыл тұрғындарының, туристік бизнес өкілдерінің және өңірдің туризм саласын дамытуға үлес қосып жүрген барлық азаматтардың бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1246840?lang=ru