📱 «E-Salyq Business» жаңартылды!

📱 «E-Salyq Business» жаңартылды!

14.07.2026 11:58:16 218

ҚР ҚМ МКК «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын жаңа Салық кодексіне сәйкес жаңартты.

Енді дара кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар негізгі салық рәсімдерін тікелей смартфон арқылы — кезексіз, қағаз құжатсыз және мемлекеттік органдарға бармай-ақ орындай алады. ✅

👤 Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін

Енді бәрі оңай:
✔️ дара кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ;
✔️ салықтық есептілік тапсырылмайды;
✔️ әрбір алынған табыс бойынша қосымшада чек қалыптастыру жеткілікті.

📊 Әр айдың қорытындысы бойынша қосымша автоматты түрде:
🔹 кірістер тізілімін қалыптастырады;
🔹 әлеуметтік төлемдерді есептейді.

💳 Төлемдер банктік қосымша арқылы 4% бірыңғай мөлшерлемемен жүргізіледі. Оның құрамына:
▪️ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) — 1%;
▪️ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМС) — 1%;
▪️ әлеуметтік аударымдар (ӘА) — 1%;
▪️ жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) — 1% кіреді.

💼 Дара кәсіпкерлер үшін

«E-Salyq Business» қосымшасы арқылы:
✅ дара кәсіпкер ретінде тіркелуге;
✅ арнаулы салық режимін таңдауға;
✅ чектер қалыптастырып, кірістерді есепке алуға;
✅ 910.00-нысан бойынша салық декларациясын тапсыруға болады.

📲 Барлық қызметтер онлайн форматта — мемлекеттік органдарға бармай-ақ қолжетімді.

🎯 Қосымшаны жаңартудың мақсаты – салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету, қағаз құжат айналымын қысқарту және мемлекеттік қызметтердің электрондық форматтағы қолжетімділігін кеңейту.

📖 Арнаулы салық режимдерін қолдану шарттары туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 16-бөлімінде берілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1254136?lang=ru