Астана күніне арналған мерекелік кеш өтті
14.07.2026 13:16:34 256
Бүгін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Астана күніне орай орталық алаңда мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік кешке аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, тұрғындарды Астана күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Мерекелік бағдарлама барысында аудан өнерпаздары әсем ән мен әсерлі жырдан шашу шашып, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш барысында көпшілікке ұлттық және эстрадалық әндер ұсынылып, мерекенің сәні арта түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1254285?lang=ru