құқықтық сауаттылықты арттыруға және Қазақстан Республикасы Конституциясына құрмет қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

құқықтық сауаттылықты арттыруға және Қазақстан Республикасы Конституциясына құрмет қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

14.07.2026 13:16:36 330

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде құқықтық сауаттылықты арттыруға және Қазақстан Республикасы Конституциясына құрмет қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Аталған іс-шаралар 2026 жылғы 1 шілдеден бастап республикалық референдум қорытындысы бойынша күшіне енген конституциялық реформаларды іске асыру, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында ұйымдастырылды.

Кездесулер барысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамына Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, сондай-ақ заңдылықты сақтау мен мемлекеттік институттарға құрметпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.

Іс-шара барысында құқықтық мәдениетті арттыруға, заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және әрбір азаматтың заң талаптарын сақтау жолындағы жеке жауапкершілігін күшейтуге ерекше назар аударылды.

Осындай іс-шараларды өткізу азаматтардың құқықтық санасын нығайтуға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына құрмет мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

#заңментәртіп #законипорядок 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1254281?lang=ru