Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарландыру
14.07.2026 15:11:10 264
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, операциялық тиімділікті арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында Қарабалық ауданының мемлекеттік органдарында 2026 жылдың 17 сәуірінен 18 маусымына дейін ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жүргізіледі.
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау тұрақты (жыл сайын) негізде жүргізіледі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы күресуге бағытталған шаралардың бірі болып табылады. Ол қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен тікелей мемлекеттік органдармен жүргізіледі.
Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, соның ішінде тиісті қызмет саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі, сондай-ақ ұйымдастырушылық және басқару процестеріндегі, соның ішінде:
адам ресурстарын басқару;
мемлекеттік қызметтерді көрсету;
қаржылық-шаруашылық қызмет;
мемлекеттік сатып алу;
мемлекеттік орган қызметінің басқа да салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталады және бағаланады.
Талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және мемлекеттік органдардың жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленеді.
Жеке және заңды тұлғалар Мендіқара ауданындағы мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстары мен пікірлерін mendikara@kostanay.gov.kz электрондық пошта мекенжайына жолдай алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1254483?lang=ru