«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

14.07.2026 15:21:05 260
Қазалы ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Кезекті іс-шара барысында Қызылқұм ауылдық округі аумағында анықталған стихиялық қоқыс орындары жойылып, тұрмыстық қатты қалдықтар жиналған аумақтар толықтай санитарлық тазартудан өткізілді. Бұл жұмыстар ауылдың санитарлық жағдайын жақсартып, тұрғындарға қолайлы әрі таза өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталды.
Сонымен қатар, аудандық прокуратурамен бірлесіп қоршаған ортаны қорғау, экологиялық заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Рейд барысында тұрғындарға тазалықты сақтау мен табиғатты қорғаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Таза қоршаған орта – тұрғындардың денсаулығы мен өмір сапасының кепілі. Сондықтан табиғатты аялау, тазалықты сақтау және қоғамдық тәртіпке құрметпен қарау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Таза ауыл – жарқын болашақтың бастауы. Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне бірге үлес қосайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-qyzylqym/press/news/details/1254506?lang=ru