Назар аударыңыз! Алаяқтық қоңыраулардан сақ болыңыз!
14.07.2026 17:21:17 224
Құрметті салық төлеушілер!
📢 Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері телефон қоңырауларын аталған жағдайларда жүзеге асырмайтынын еске саламыз:
❌ қандай да бір хаттардың келіп түскені туралы хабарламалар;
📦 құжаттарды пошта арқылы немесе курьерлік қызмет арқылы алу ұсыныстары;
📲 1414 нөмірінен келіп түскен кодтарды қоса алғанда, SMS-кодтарды сұрау ;
🔐 растау кодтарын, парольдерді, банк карталарының деректемелерін немесе өзге де дербес деректерді хабарлау талаптары.
📌 Егер сізге осындай қоңырау келсе:
🔹 SMS кодтарын, құпия сөздерді және жеке деректерді бермеңіз;
🔹 күдікті сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қолданбаларды орнатпаңыз;
🔹 әңгімені дереу аяқтаңыз;
🔹 қажет болған жағдайда Мемлекеттік кірістер органдарына ресми байланыс арналары арқылы өз бетіңізше хабарласыңыз.
⚠️ Мұқият және сақ болыңыз!
🤝 Туыстарыңызға, жақындарыңызға және таныстарыңызға ескертіңіз. Алаяқтардың Сіздің сеніміңізді пайдалануына жол бермеңіз.
✅ Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1254702?lang=ru