Брифинг өткізілді

Брифинг өткізілді

15.07.2026 05:29:16 273

Ағымдағы жылдың  9 шілдеде Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Алкоголь өнімдерін сатуға байланысты лицензиялау. Акцизделетін өнімнің заңсыз айналыма қарсы құрес.  Қазақстан Республикасынан мұнай өнімдерін экспорттауға енгізілген шектеулер туралы» тақырыбында брифинг өтті.Шара барысында Ақмола облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінің  бөлім басшысы Ержан Шұлембеков келесіні хабарлады.

 Қазақстан Республикасының аумағында алкоголь өнімдерін өткізу лицензияланатын қызмет түрлеріне жатады. Алкоголь өнімдерін көтерме немесе бөлшек саудада заңды түрде өткізу үшін кәсіпкерлер белгіленген тәртіппен тиісті лицензия алуы қажет.

Алкоголь өнімдерін өндіру аумағындағы қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және өткізуге лицензияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары береді.

Лицензия алу үшін өтінішті электрондық форматта www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Бұл құжаттарды қарау мерзімін едәуір қысқартып, рұқсат құжаттарын алу процесін бизнес үшін анағұрлым ыңғайлы етеді.

Лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі – өтініш тіркелген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Лицензияны қайта ресімдеу мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.

Лицензия алу үшін өтініш беруші электрондық өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет. Сонымен қатар сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, кәріз жүйесі және деректерді тіркеу мен беру функциясы бар бақылау-касса машинасының болуы туралы мәліметтер ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәртібі. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабының 4-тармағына сәйкес, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төленген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріне қарай белгіленеді және төмендегідей мөлшерде алынады:

-  астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда -100 АЕК

-  аудандық маңызы бар қалалар мен кенттерде - 70 АЕК

-  ауылдық елді мекендерде - 30 АЕК.

Біліктілік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылады. Алкоголь өнімдерінің көтерме саудасын жүзеге асыру үшін алкоголь өнімдерін сақтау, қабылдау және босатуға арналған қойма үй-жайлары болуы қажет. Мұндай үй-жайлар білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының, спорт объектілерінің, жанармай құю станцияларының, базарлардың және мәдени-демалыс мекемелерінің аумағында орналаспауы тиіс.
Алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізу үшін заңнама талаптарына сәйкес келетін стационарлық үй-жайдың болуы міндетті. Үй-жай сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз жүйесімен қамтамасыз етіліп, тіркелген бақылау-касса машинасымен жабдықталуы қажет.
Заңнамада лицензия беруден бас тарту жағдайлары да көзделген. Оларға лицензиялық алымның төленбеуі, біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, жалған мәліметтер ұсыну немесе лицензияланатын қызметті жүзеге асыруға қатысты сот шектеулерінің болуы жатады.
Өтінішті қарау нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық лицензияны немесе бас тарту себептері көрсетілген дәлелді жауапты алады.
Белгіленген талаптарды сақтау және лицензияны уақытылы рәсімдеу алкоголь өнімдерін өткізу қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады және кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Ағымдағы жылдың  алты айында  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 90 тексеру жүргізді, оның барысында

заңсыз айналымнан 2 679 литр алкоголь өнімі, 11 777 қорап темекі және 1 060,6 тонна мұнай өнімі тәркіленді.

Алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз немесе қажетті жолдама құжаттарынсыз өңдеу алкоголь өнімдерін тәркілеумен қатар, 15-тен 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз.

Сондай-ақ, біз сіздерді мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттауға енгізілген шектеулер туралы хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 175-н/қ бұйрығымен мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынды:

 

Тыйым 2026 жылғы 22 мамырдан 2026 жылғы 22 қарашаға дейінгі мерзімді қамтиды. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді қоса алғанда, автомобиль және теміржол көлігімен бензиндерді, дизель отынын және жекелеген мұнай өнімдерін әкетуге жол берілмейтіні айтылған.

Автомобиль көлігімен экспорттауға тек көлік құралын өндіруші орнатқан отын бактарында және күніне бір реттен артық емес рұқсат етіледі;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттерінде ережелерді бұзу, атап айтқанда, адамдар мен көлік құралдарының кіруіне, болуына, қозғалуына және шығуына, немесе жүктер мен тауарларды әкелуге, болуға, жылжытуға және әкетуге қатысты белгіленген тәртіпті сақтамау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 513-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады, бұл 5 (бес)-тен 10 (он) айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл салуға немесе Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.

Сонымен қатар, тиісті рұқсатсыз көлік құралдарын рұқсатсыз өзгерту Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын және 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертеміз.

Қазіргі уақытта Ақмола облысы бойынша мұнай өнімдерінің заңсыз экспорты мен айналымына қарсы күрес мақсатында Мемлекеттік кірістер органдарының, құқық қорғау органдарының және басқа да тиісті органдардың қатысуымен рейдтер жүргізілуде; алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде.

Заңнаманы бұзбауға шақырамыз.

Шара барысында қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1255991?lang=ru