Қазақстан CІМ басшысы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Оман Елшісін қабылдады

Қазақстан CІМ басшысы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Оман Елшісін қабылдады

27.07.2026 14:40:51 260

Астана, 2026 жылғы 27 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев еліміздегі дипломатиялық миссиясы аяқталуына байланысты Оман Сұлтандығының Елшісі Мұхаммед Әл-Бахраниді қабылдады.

Министр Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, өзара тиімді серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін М. Әл-Бахраниге ризашылық білдірді.

Өз кезегінде, омандық дипломат Қазақстанда жинаған тәжірибесін ерекше атап өтіп, достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты және көпжақты ынтымақтастық одан әрі дами беретініне сенімділігін жеткізді.

Елші М.Әл-Бахрани Астана мен Масқат арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың рөлін, сондай-ақ оның өңірлік жанжалдардың реттеудегі бітімгершілік бастамаларын ерекше атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1264054?lang=ru