Сыртқы істер министрінің орынбасары Словения Елшісін дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады

Сыртқы істер министрінің орынбасары Словения Елшісін дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады

27.07.2026 19:20:49 203

Астана, 2026 жылғы 27 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Словения Республикасының Елшісі Аленка Сухадолникті қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Словения ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Ә.Қуантыров А.Сухадолникке екіжақты серіктестікті нығайтуға және кең ауқымды бағыттар бойынша өзара іс-қимылды дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғысын білдірді.

Елшінің дипломатиялық миссиясы кезеңінде Астана мен Любляна арасындағы қатынастардың сапалы жаңа деңгейге көтерілгені аталып өтті. Словения Республикасының Президенті Наташа Пирц-Мусардың Астанаға ресми сапары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға қосымша серпін берген маңызды оқиға болды.

Словения Елшісі қазақстандық тарапқа көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, екіжақты қатынастарды дамытуда қол жеткізілген елеулі ілгерілеуді атап өтті. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және саяси диалог пен іс жүзінде өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын сақтауға мүдделілігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1264331?lang=ru