Меңдіқара ауданында тағы бір сүт-тауарлы ферма салынады

Меңдіқара ауданында тағы бір сүт-тауарлы ферма салынады

28.07.2026 11:51:52 213

Меңдіқара ауданында қазіргі таңда екі сүт-тауарлы фермасы жұмыс істеп тұр. Соның бірі Каменскуральск ауылында 1 200 басқа арналған ферма. Жылына 6,7 мың тонна сүт өңдеу мүмкіндігі пайда болды.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Меңдіқара ауданына барған сапарында ферманың жұмысымен және өңірде атқарылып жатқан басқа да шаруалардың жай-күйімен танысты.

«Каменскуральск» серіктестігі алдағы уақытта 800 басқа арналған тағы бір сүт-тауарлы фермасын салуды жоспарлап отыр. Жылдық өндірістік қуаты 8 мың тоннаны құрайды.

«Ауданда екі сүт-тауар фермасының іске қосылуының нәтижесінде жылдық сүт өндірісі 14,4 мың тоннадан 30,8 мың тоннаға дейін, яғни екі еседен астам өсті», – деді аймақ басшысы.

Өндірістік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Каменскуральск ауылынан құрғақ бие сүті зауыты мен сүт-тауар фермасына дейін ұзындығы 10,4 км кіреберіс автожолдың құрылысы жүргізілуде.
Меңдіқара ауданында экономиканы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және туризм әлеуетін арттыру мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

Аудандағы 32 ауыл орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Былтыр Архипов және Михайлов ауылдары орталықтандырылған су жүйесіне қосылып, 1 365 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылды.

2023–2025 жылдары аудан бойынша 96,5 шақырым автожол мен 45 көше жөнделді. Архипов, Ұзынағаш, Степанов, Борки, Михайлов, Иванов, Красносельское ауылдарының кіреберіс жолдары жаңартылды. Қазіргі уақытта Молодежное, Харьков және Қасқат ауылдарына баратын жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі Архипов ауылындағы Монгольская көшесінің жөндеу жұмыстарымен танысты.

Биыл ауданда 333,5 мың га алқапқа егін егілді. Оның ішінде 224,4 мың га – дәнді дақылдар, 102,6 мың га – майлы дақылдар, ал 5,9 мың гектары – мал азығы дақылдары.

Сапар қорытындысында облыс басшысы аудан тұрғындарымен кездесіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жұмыстарын баяндады. Тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1264546?lang=ru