Өңірде жылу желілеріндегі авариялар 6 есеге азайды

Өңірде жылу желілеріндегі авариялар 6 есеге азайды

04.08.2026 16:46:10 173

Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен жылыту маусымына дайындық жұмыстары барысы туралы облыс әкімдігінің отырысы өтті.

Мемлекет басшысы инфрақұрылымдық жобаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз етуді және алдағы жылыту маусымына дайындықты бақылауды күшейтуді тапсырды.

Өткен жылыту маусымы күрделі апаттық жағдайларсыз өтті. 2022-2023 жылу маусымымен салыстырғанда жылу желілеріндегі авариялар 830-дан 134-ке дейін 6 есеге азайды. Соңғы жылдары инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға қомақты қаражат бөлініп келеді. Халықтан келіп түсетін шағымдар саны 96-дан 20-ға дейін 5 есеге азайды.

«Бұл – жылыту маусымына жүргізілген дайындық жұмыстарының нақты нәтижесі. Біз инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға едәуір қаражат бөліп жатырмыз. Оның арқасында жылыту желілеріндегі апаттар саны өткен жылыту маусымына қарағанда 254-ден 134-ке дейін 2 есе төмендеді. Мұның барлығы жылыту маусымына барлық дайындық жұмыстарының нәтижесі», – деді Құмар Ақсақалов.

Жиында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларының және Жітіқара ауданның әкімі баяндама жасады.

Аймақ басшысы егер күзде қалалар мен аудандарда энергетикалық нысандардың дайындық паспортын алмау фактілері тіркелсе, онда әкімдер жеке жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1268554?lang=ru