Салық берешегі кезінде ұйым басшыларының шығуына уақытша шектеу
04.08.2026 16:56:08 226
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарын Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеуді қолдану тәртібіне аударады.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 189-бабына сәйкес салық органдары мына тұлғаларға қатысты шығуға уақытша шектеу қоюға құқылы:
- заңды тұлғаның бірінші басшысы (немесе оны алмастыратын тұлға);
- заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
- жеке кәсіпкер;
- жеке практикамен айналысатын тұлға.
Мұндай шара келесі шарттарды бір уақытта орындаған кезде ғана қолданылады:
- салық берешегі белгіленген шекті мөлшерден асып кеткенде;
- берешек пайда болған күннен бастап үш айдан артық өтелмейді;
- салық төлеушіге заңнамада көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылды (банктік шоттарды бұғаттау, дебиторлардан өндіріп алу, мүлікке билік етуді шектеу және т.б.).
Шығуға уақытша шектеу қою туралы қаулыны салық органы шығарады, оны мемлекеттік кірістер органының басшысы (немесе оның орынбасары) қол қояды және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен сот міндетті түрде санкциялауға тиіс. Сот санкциясы болмаса, шектеу қолданылмайды.
Салық берешегі толық өтелгеннен кейін немесе салық міндеттемесі тоқтатылғаннан кейін шектеу жойылады. Жою туралы қаулы да соттың санкциялауына жатады.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге салық төлеушінің кабинеті арқылы бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйін үнемі қадағалап отыруды, салық міндеттемелерін уақтылы орындауды және салық органдарының хабарламаларына жедел ден қоюды ұсынады. Бұл шығуға уақытша шектеуді қоса алғанда, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданудан аулақ болуға мүмкіндік береді.
Берешектің бар-жоғы және оны өтеу тәртібі туралы сұрақтар бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге немесе электрондық сервистерді пайдалануға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1268561?lang=ru