Шымкентте жылу желілерін цифрландыру: жасанды интеллект арқылы құбырішілік диагностика жүргізілуде

Шымкентте жылу желілерін цифрландыру: жасанды интеллект арқылы құбырішілік диагностика жүргізілуде

04.08.2026 17:00:42 178

Шымкент қаласында жылу желілерін цифрландыру және олардың сенімділігін арттыру бағытында басталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы бағыт аясында Қазақстанда алғаш рет пилоттық жоба ретінде енгізілген құбырішілік диагностика технологиясы арқылы магистральдық жылу желілерінің техникалық жай-күйі жоғары дәлдікпен зерттелуде. Жасанды интеллект технологиялары қолданылатын бұл жүйе құбырлардың көзге көрінбейтін ақауларын анықтауға, жөндеу жұмыстарын нақты техникалық жағдайға сәйкес жоспарлауға және қаржы қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Нәтижесінде инженерлік инфрақұрылымның сенімділігі артып, апаттық жағдайлардың алдын алу және тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз ету тиімділігі күшейеді. Қазіргі таңда жоба аясында қаланың жеті учаскесінде жалпы ұзындығы 5 шақырым магистральдық жылу желілеріне диагностика жүргізілуде. Бұл бастама Мемлекет басшысының цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылып, Шымкент қаласының инженерлік инфрақұрылымын басқарудың тиімділігін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1268570?lang=ru