Қазақстан мен Үндістан Ливандағы бейбітшілікті сақтау ісіне үлес қосуда
04.08.2026 17:15:55 232
4 тамызда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы БҰҰ-ның Ливандағы миссиясындағы (UNIFIL) Үндістан бейбітшілікті қолдау батальонының командирі полковник Прасун Сингхпен кездесті. Кездесу осы жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік күштерінің Үндістан батальонындағы қатысуын қалпына келтіру аясында өтті. П.Сингх отандық бітімгерлердің қызметі туралы ақпарат беріп, оларды жоғары дайындықтан өткен жеке құрам ретінде сипаттады.
Тараптар аймақтағы жалғасып жатқан шиеленісті жағдайды және оның UNIFIL рөліне қатысты мәселелерін талқылады. Аталған миссия мандатының 2026 жылдың соңына дейін аяқталуының және оның қайта құрылымдалуының ықтимал сценарийлері де қарастырылды.
Елші Үндістан тарапына Қазақстаннан жаңадан келген 11 әскери қызметшіні қабылдауда қолдауы үшін алғыс білдіріп, екі елдің бейбітшілікті сақтау саласындағы ынтымақтастығының табысты жалғасуына үміт артты.
Кездесуге Ливандағы Қазақстан Елшілігінің әскери атташесі полковник Арман Дүйсекеев және UNIFIL офицерлері қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1268599?lang=ru