Салықтарды және төлемдерді төлеу бойынша кейінге қалдыру (бөліп төлеу).
04.08.2026 17:36:11 186
Қаржылық жағдайы салықты және (немесе) төлемақыны белгіленген мерзімде төлеуге мүмкіндік бермейтін, алайда оларды төлеу мүмкіндігі кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілетін мерзім ішінде пайда болады деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар салық төлеушіге салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мынадай негіздердің бірі болғанда:
-салық төлеушіге еңсерілмейтін күш (әлеуметтік, табиғи, техногендік, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің өзге де мән-жайлары) салдарынан залал келтірілген;
-салық төлеушінің тауарларды өндіруі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі және (немесе) өткізуі маусымдық сипатта болған;
-дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаның мүліктік жағдайы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуға болмайтын мүлікті есепке алмағанда) салықты біржолғы төлеу мүмкіндігін жоққа шығаратын;
- сот берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған;
-салық төлеуші қызметінің негізгі түрі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика саласына жататын;
-салық төлеуші қосымша салықтық есептілік ұсынған;
- салық төлеуші тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың және (немесе) төлемақылардың есепке жазылған сомаларымен келіскен кезде берілуі мүмкін. Осы ережелер салық төлеуші ретінде тіркелген күнінен бастап кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы өтініш берілген күнге дейінгі кезең бес жылдан кем болатын салық төлеушілерге қолданылмайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1268634?lang=ru