Минскіде Қазақстан және Беларусь арасындағы партияаралық байланыстар мәселелері талқыланды

Минскіде Қазақстан және Беларусь арасындағы партияаралық байланыстар мәселелері талқыланды

05.08.2026 20:01:17 166

Минск, 2026 жылғы 5 тамыз – Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов Белорустық «Белая Русь» партиясының Төрайымы Ольга Чемодановамен кездесті. Тараптар Қазақстан және Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, партияаралық байланыстарды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Т. Жақсылықов екіжақты қатынастардың жоғары деңгейі мен оң серпінін атап өтіп, қонақты 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясындағы жаңашылдықтармен, сондай-ақ қазіргі уақытта Қазақстанда өтіп жатқан Құрылтайға сайлау науқанының барысымен таныстырды.

Өз кезегінде О. Чемоданова Елшіні «Белая Русь » партиясының негізгі қызмет бағыттарымен таныстырып, жүзеге асырылып жатқан қоғамдық-саяси бастамалар, кәсіпкерлік пен инвестицияларды қолдауға бағытталған жобалар, жастармен жүргізіліп жатқан жұмыс, сондай-ақ партияның халықаралық қызметі туралы айтып берді.

Тараптар қоғамдық дипломатияны, жастар және сарапшылар алмасуын жандандырудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан және Беларусь арасындағы көпқырлы байланыстарды, оның ішінде партияаралық диалогты одан әрі нығайту мен дамытуға өзара мүдделілігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1269520?lang=ru