КЕГЕН АУЫЛЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН КӨРДІ Аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы мен Кеген ауылдық округінің әкімі Ернат Сембекұлы Кеген ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлерге жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының құрылыс сапасын тексерді. Тұрғын үйлердегі жөндеу жұмыстарының орындалу барысы, қолданылып жатқан құрылыс материалдарының сапасы және мердігер мекеменің міндеттемелерінің орындалуы назарға алынды. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуына ерекше мән беріп, жауапты сала басшылары мен мердігер ұйым өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

06.08.2026 11:01:30 213