Самар ауданында «Таза Қазақстан» науқаны аясында тазалық күні өтті.
21.09.2026 18:02:12 323
Самар ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Экологиялық акцияға ауданның барлық ауылдық округтері қатысты. Көшелер мен қоғамдық аумақтарды тазалауға мемлекеттік қызметшілер, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары мен ұжымдары, сондай-ақ ауыл тұрғындары — барлығы 600-ге жуық адам шықты.
Сенбілік барысында елді мекендердің аумақтары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қоғамдық орындар ретке келтірілді. Көгалдандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінді. Аудан бойынша 800 қылқан жапырақты ағаш көшеті отырғызылды.
Экологиялық акция қорытындысы бойынша шамамен 10,5 тонна қоқыс жиналды.
Мұндай шаралар елді мекендерді абаттандырумен қатар, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1295308?lang=ru