2025 жыл: Италиялық режиссер Маңғыстау табиғатын Марсқа теңеді

2025 жыл: Италиялық режиссер Маңғыстау табиғатын Марсқа теңеді

06.08.2026 15:53:38 188

Италиялық режиссер әрі тревел-видеограф Никола Крстич Маңғыстау өңірінің ерекше табиғатын дрон арқылы түсіріп, оның көркем келбетін әлем жұртшылығына таныстырды. Ол Instagram парақшасында өңірге жасаған сапары туралы әсерімен бөлісіп, Маңғыстауды өзге ғаламшарға ұқсатты.

«Алғашында өзімді Марсқа қонғандай сезіндім. Бірақ бұл – Қазақстандағы таңғажайып Маңғыстау өңірі екен. Бір апта бойы досым екеуміз осы тылсым өлкені зерттеп, әр қадам сайын жаңа ғаламшарды ашқандай әсер алдық. Дронмен түсірілген көріністер бұл жердің табиғатының қаншалықты ерекше екенін көрсетті», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Никола Крстич – визуалды сторителлинг бағытындағы режиссер әрі тревел-видеограф, @filmmkrs жобасының авторы. Сербияда дүниеге келген ол бүгінде Италияда тұрып, табиғат пен саяхат тақырыбындағы бейнежобалармен айналысады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1269893?lang=ru