Жеке кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын тұлғаның қызметін тоқтату

Жеке кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын тұлғаның қызметін тоқтату

06.08.2026 16:06:43 202

📅 Жеке кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша салық органына бір мезгілде:

📄 қызметін тоқтату туралы өтінішті;
📊 Салық Кодексінің 74-бабының 2-тармағына сәйкес тарату салық есептілігін ұсынады.

💸 Берешекті өтеу

💰 Қызметін тоқтататын жеке кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаның салық берешегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезектілік тәртібімен, оның ішінде мүлкін сатудан түскен ақша есебінен өтеледі.

📁 Қашан тоқтатқан болып саналады?

Жеке кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға салық органында тіркеу есебінен шығарылған кезде қызметін тоқтатқан болып танылады.

✅ Тіркеу есебінен шығаруға негіз:

Төмендегі шарттар бір мезгілде сақталғанда:

🔹 салық берешегінің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің, оның ішінде салықтық әкімшілендіру қорытындысы бойынша берешектің болмауы;
🔹 қайтарылуға жататын артық (қате) төленген салықтар, бюджетке төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар, сондай-ақ артық төленген және (немесе) артық өндірілген кедендік баждар, алымдар, салықтар мен өсімпұлдар сомаларының болмауы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1269905?lang=ru