2025 жылғы 24–26 қыркүйекте Маңғыстауда туризмді дамытуға арналған халықаралық форум өтті

2025 жылғы 24–26 қыркүйекте Маңғыстауда туризмді дамытуға арналған халықаралық форум өтті

06.08.2026 16:36:11 155

2025 жылғы 24–26 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында Mangystau International Tourism Forum өтті. Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес қауымдастықтар, инвесторлар, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдерден және Иран, Түрікменстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген сарапшылар қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – Маңғыстау өңірінің туристік әлеуетін халықаралық деңгейде таныстыру, туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту және жаңа инвестициялық жобаларды талқылау болды. Іс-шара өңірдің туристік мүмкіндіктерін кеңінен насихаттап, халықаралық әріптестікті нығайтуға және инвестиция тартуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1269963?lang=ru