Әскери полицейлер қызметтік міндеттерін орындауға әркез дайын

Әскери полицейлер қызметтік міндеттерін орындауға әркез дайын

06.08.2026 16:40:38 182

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының әскери қызметшілері дене даярлығы бойынша бақылау сынақтарынан өтіп, әскери нысандарды күзету, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және әскери тәртіпті сақтау міндеттерін орындауға дайын екенін дәлелдеді.

Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаментіне қарасты дене даярлығы басқармасының жетекшілігімен ұйымдастырылды.

– Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әскери полиция қызметкерлері мықты дене дайындығымен әрекет етуге жарамдылығын ұдайы растауы тиіс. Бақылау барысында әскери қызметшілер белгіленген нормативтерді толық орындады. Жасақтың жеке құрамы дене даярлығының жоғары деңгейін көрсетіп, кәсіби машығын, төзімділігін және қызметтік міндеттерін орындауға толық әзір екенін дәлелдеді, – деді Жауынгерлік даярлық департаменті дене даярлығы басқармасының бастығы подполковник Олжас Сердәлиев.

Әскери полиция әскери қызметшілері үшін жоғары дене даярлығы – жай ғана талап емес, бұл кез келген күрделі жағдайда тиімді әрекет етуге және жүктелген міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік беретін кәсіби шеберліктің ажырамас бөлігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1269976?lang=ru