2025 жылы Маңғыстауда заманауи демалыс кешені және балалар лагері ашылды
06.08.2026 17:01:53 172
2025 жылы Маңғыстау облысында Aqqu Resort & Camp заманауи демалыс кешені мен балалар лагері пайдалануға берілді. Жоба Мемлекет басшысының туризмді дамыту және өңірлік инфрақұрылымды жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылды.
Кешен аумағында заманауи тұрғын корпустар, ересектер мен балаларға арналған екі ашық бассейн, 50 орындық кинозал, футбол алаңы, спорттық аймақтар, медициналық пункт және мейрамхана орналасқан. Жоба өңірдегі туристік және демалыс инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ балалардың қауіпсіз әрі сапалы демалысын ұйымдастыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1270008?lang=ru