2025 жылы ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Бауржан Рапиков Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді
06.08.2026 17:36:24 137
2025 жылы ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Бауржан Рапиков Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиынға министрлік өкілдері, облыстық және аудандық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, спорт және туризм саласының мамандары, сондай-ақ бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.
Кездесу барысында туризм мен спортты дамыту, цифрландыру, инвестиция тарту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру, кәсіпкерлерді цифрлық платформаларға тіркеу және туристік тасымалды дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, 2025–2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік өңірін дамыту жөніндегі кешенді жоспардың іске асырылу барысы таныстырылып, бірқатар туристік және спорттық нысандардың пайдалануға берілгені, сондай-ақ Бозжыра шатқалына апаратын автожол құрылысының басталғаны айтылды.
Кездесу соңында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, өңірдегі туризм мен спорт салаларын одан әрі дамыту бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1270052?lang=ru