2025 жылғы 15 желтоқсанда Дубайдан келген делегация Маңғыстаудың туристік әлеуетімен танысты

2025 жылғы 15 желтоқсанда Дубайдан келген делегация Маңғыстаудың туристік әлеуетімен танысты

06.08.2026 17:40:59 143

2025 жылғы 15 желтоқсанда Маңғыстау облысының әкімдігі мен өңірлік туризм басқармасының ұйымдастыруымен Біріккен Араб Әмірліктерінен (Дубай) келген туроператорлар мен тревел-блогерлерге арналған роуд-шоу өтті.

Іс-шараның мақсаты – Маңғыстау облысының туристік әлеуетін таныстыру, өңірдің туристік инфрақұрылымы мен қызметтерін көрсету, іскерлік байланыстар орнату және халықаралық ынтымақтастықты дамыту болды. Роуд-шоуға Дубайдан келген туроператорлар мен блогерлер, Ақтау халықаралық әуежайының, FlyArystan әуе компаниясының, жергілікті туроператорлар мен қонақ үй бизнесінің өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында өңірдің туристік өнімдері мен қызметтері таныстырылып, Rixos Water World Aktau қонақ үйі және жергілікті Skyway туроператоры Біріккен Араб Әмірліктерінің жетекші туроператорларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Бұл келісімдер Маңғыстауға Таяу Шығыс елдерінен туристер ағынын арттыруға және халықаралық туристік әріптестікті нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1270063?lang=ru