Шығыс Қазақстан Dongfeng Motor компаниясымен жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі

Шығыс Қазақстан Dongfeng Motor компаниясымен жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі

06.08.2026 17:46:25 107

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қытайдың ең ірі автомобиль корпорацияларының бірі – Dongfeng Motor Corporation компаниясының басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді.

Тараптар Шығыс Қазақстан облысында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын, сондай-ақ өнеркәсіп саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Өңір басшысы Шығыс Қазақстан облысының стратегиялық инвесторларды тартуға, заманауи технологияларды енгізуге және жаңа өндірістерді құруға мүдделі екенін атап өтті.

«Ірі халықаралық компаниялармен ынтымақтастық Шығыс Қазақстан өңірінің экономикасын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға қосымша мүмкіндіктер береді», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында ірі инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндігі пысықталуда.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Туризм және инвестициялар басқармасы Dongfeng Motor Corporation компаниясымен өзара іс-қимылды одан әрі дамыту, қол жеткізілген келісімдерді сүйемелдеу және өңір аумағында инвестициялық жобаны іске асыруға жәрдемдесу жұмыстарын жалғастырады. Басқарма өз құзыреті шеңберінде жобаны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға және Шығыс Қазақстан облысы мен қытайлық серіктестер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған қажетті қолдау көрсететін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1270076?lang=ru