Ақтаудан Үрімшіге алғашқы тікелей әуе рейсі ашылды

Ақтаудан Үрімшіге алғашқы тікелей әуе рейсі ашылды

06.08.2026 18:10:43 124

2026 жылы FlyArystan әуе компаниясы Ақтау қаласынан Қытайдың Үрімші қаласына алғашқы тікелей халықаралық рейсті сәтті орындады. Жаңа бағыт Маңғыстау өңірінің халықаралық көлік байланыстарын кеңейтіп, туристік және іскерлік ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды.

Алғашқы рейстің жолаушылары қатарында Маңғыстау облысының тұрғындары, блогерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды. Сапар инфотур форматында ұйымдастырылып, қатысушылар Үрімшінің туристік, мәдени және іскерлік әлеуетімен танысты.

Ақтау – Үрімші бағытының ашылуы халықаралық сапарларды қолжетімді етіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік және экономикалық байланыстарды нығайтуға жаңа мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1270119?lang=ru