Астанада қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті
07.08.2026 10:41:11 338
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметшілері Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысына қатысты. Сонымен қатар, отырысқа әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілдері мен мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысты. Отырыс Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Мейірханның төрағалығымен Астана қаласы әкімдігінде өтті.
Отырыс барысында Астана қаласының әкімдігі, жұмыс берушілердің уәкілетті өкілдері және аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктері арасында 2024–2026 жылдарға арналған Қалалық келісімнің іске асырылу барысы туралы есептер тыңдалды. Сондай-ақ қатысушыларға «Астана қаласының кәсіподақтары» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметі туралы таныстырылым ұсынылды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, әлеуметтік-еңбек қатынастарын одан әрі нығайтуға және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар жауапты мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестік тараптарына жүктелді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1270340?lang=ru