Туристің құқықтары мен міндеттері: қауіпсіз әрі жауапты саяхат

Туристің құқықтары мен міндеттері: қауіпсіз әрі жауапты саяхат

11.08.2026 15:47:53 174

Саяхат — жаңа жерлерді танып, ерекше әсер алудың тамаша мүмкіндігі. Алайда әрбір саяхатшы өз құқықтары мен міндеттерін білуі маңызды.

📌 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы №211 Заңына сәйкес, турист саяхат кезінде Қазақстан заңнамасын сақтауға, уақытша болатын жердің заңдары мен дәстүрлерін құрметтеуге, табиғи, тарихи және мәдени мұраларға ұқыпты қарауға, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге және қауіпсіздік ережелерін сақтауға міндетті.

📌 Сонымен бірге әр туристің өз құқықтары бар. Турист қауіпсіздікке, қажетті әрі дұрыс ақпарат алуға, сапалы туристік қызметтерді еркін таңдауға, консулдық және дипломатиялық көмек алуға, сондай-ақ қажетті медициналық және басқа да көмек түрлерін алуға құқылы.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1272299?lang=ru