Астанада дипломаттарға арналған Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) зияткерлік меншік жөніндегі тренингі басталды
29.09.2026 15:32:05 213
2026 жылғы 28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Астана қаласында дипломаттардың зияткерлік меншік саласындағы білімдері мен практикалық дағдыларын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша құзыреттерін арттыруға бағытталған зияткерлік меншік жөніндегі тренинг өтуде.
Тренингті Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы және басқа да халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Іс-шараға қазақстандық дипломаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда.
Тренингті өткізу Қазақстанның ДЗМҰ-мен және дипломатиялық қоғамдастықпен өзара іс-қимылын дамытуға, сондай-ақ халықаралық экономикалық және сауда қатынастарындағы зияткерлік меншіктің рөлін практикалық тұрғыдан түсінуді қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1300500?lang=ru