Әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болғанда салықтөлеушілер нені білуі қажет?
11.08.2026 17:15:49 133
Берешек қай кезде туындайды?
Берешек әлеуметтік төлемдер:
- төленбеген;
- толық төленбеген;
- белгіленген мерзім бұзыла отырып аударылған жағдайда түзіледі.
Бұл мыналарға қатысты:
- міндетті зейнетақы жарналары;
- жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ);
- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ);
- әлеуметтік аударымдар;
- МӘМС жарналары мен аударымдары.
Мерзімі өткен кезде не болады?
Төлем мерзімі өтіп кеткен жағдайда:
- берешек өндіріп алуға жатады;
- мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі.
Өсімпұл мөлшері: Берешек өтелген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлеменің 1,25 еселенген мөлшері.
Хабарлама қай кезде жіберіледі?
- Әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған кезде
- Әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сомасы 6 АЕК-тен асқан жағдайда
Хабарлама жіберу мерзімі: берешек туындаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде.
Төлеуге қанша уақыт беріледі?
Хабарламаны алғаннан кейін берешекті 15 жұмыс күні ішінде өтеу қажет.
Өз еркімен өтеу мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға жол бермейді.
Берешек өтелмесе не болады?
Мемлекеттік кірістер органдары мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы:
- банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
- касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
- борышкердің банктік шоттарына инкассалық өкімдер қою арқылы берешекті өндіріп алу.
Сот орындаушылары қашан іске кіріседі?
Атқарушылық құжат болған кезде берешекті өндіріп алу «Атқарушылық өндіріс және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сот орындаушысы берешек толық өтелгенге дейін құжатты орындау бойынша шаралар қабылдайды.
Берешектің пайда болуына қалай жол бермеуге болады?
- әлеуметтік төлемдерді уақтылы аударыңыз;
- бюджетпен есеп айырысуларды жүйелі түрде салыстырып тексеріңіз;
- берешектің түзілуіне жол бермеңіз;
- хабарлама алған кезде берешекті өз еркіңізбен өтеңіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1272416?lang=ru