Кассалық фискалдық чек пен тауар чегі: айырмашылығы неде?
12.08.2026 17:56:59 178
Кассалық фискалдық чек пен тауар чегі: айырмашылығы неде?
Кассалық фискалдық чек пен тауар чегі – әртүрлі құжаттар және олардың құқықтық мәні де әртүрлі.
Фискалдық чек бақылау-касса машинасын (БКМ) қолдану арқылы қалыптастырылады және ақшалай есеп айырысу фактісін растайды. Құжатта фискалдық белгі және QR-кодты қоса алғанда, міндетті деректемелер көрсетіледі, ал жасалған сату туралы мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріне беріледі.
Тауар чегінде сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпарат қамтылады, алайда онда фискалдық белгі болмайды және ақшалай есеп айырысудың БКМ-де тіркелгенін растамайды. БКМ қолдану міндетті болған жағдайларда, тауар чегі фискалдық чекті алмастыра алмайды және тек қосымша құжат ретінде берілуі мүмкін.
БКМ міндетті түрде қолданылатын жағдайда ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде фискалдық чек беру – сатушының міндеті және жүргізілген есеп айырысудың заңдылығын растайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1273108?lang=ru