ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ

13.08.2026 10:31:06 155

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ

Аудандық «Қазына» коворкинг орталығында құқық қорғау органдарының және тұрғындардың қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған зияткерлік ойын өткізілді.

Аталған іс - шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің үйлестіруімен оздырылды. Ойын барысында қызықты ситуациялық жағдайлар талқыланып, тақырыпқа байланысты танымдық сұрақтар қойылып, заңнамаларға тоқталып, қатысушылар өз пікірін ортаға салды.

Кездесу соңында адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстануға, қоғамда парасаттылық идеологиясын дәріптеуге қатысты ойлар жеткізіліп, отбасылық құндылық пен бала тәрбиесіне тигізетін зардабы жайында айтылды. Басқосуда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрбір азаматтың жауапкершілігі маңызды» екені сөз етіліп, жиын өз мәресіне жетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-terekty/press/news/details/1273392?lang=ru