Спорт күнімен спортшыларды, жаттықтырушыларды, спорт ардагерлерін, дене шынықтыру пәнінің оқытушыларын және Өскемен қаласының барлық тұрғындарын шын жүректен құттықтаймын!

Спорт күнімен спортшыларды, жаттықтырушыларды, спорт ардагерлерін, дене шынықтыру пәнінің оқытушыларын және Өскемен қаласының барлық тұрғындарын шын жүректен құттықтаймын!

14.08.2026 17:36:03 306

Спорт – адамдарды біріктіретін, қайсарлықты, тәртіпті және жаңа жетістіктерге ұмтылысты қалыптастыратын маңызды құндылық. Жаттықтырушылардың күнделікті қажырлы еңбегі, спортшылардың табандылығы және салауатты өмір салтын ұстанатын жандардың қолдауының арқасында қаламыз өзінің жеңістерімен және бай спорттық дәстүрлерімен орынды мақтанады.

Өскеменнің спортшылары халықаралық аренада қаламыз бен Қазақстанның абыройын асқақтатып, Олимпиада ойындарында, әлем және Азия чемпионаттарында, Универсиадаларда және өзге де беделді жарыстарда жүлделі орындарға ие болып келеді. Олардың жетістіктері туған қаламыздың мерейін үстем етіп, барша өскемендіктер үшін зор мақтанышқа айналды.

Баршаңызға зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, жаңа рекордтар мен жарқын жеңістер тілеймін! Спорт әрдайым биік мақсаттарға жетуге жігер беріп, әрбір жеңіс туған Өскеменіміздің мәртебесін арттыра берсін!

 

Өскемен

қалалық мәслихатының төрағасы                                                А.А. Светаш

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1274432?lang=ru