Ұлттық ұланның «Burkit Team» командасы «SHAIQAS-2026» чемпионатында үш жүлделі орын иеленді

Ұлттық ұланның «Burkit Team» командасы «SHAIQAS-2026» чемпионатында үш жүлделі орын иеленді

17.08.2026 12:30:52 410

«SHAIQAS-2026» ұлттық инженерлік чемпионатында ҚР ІІМ  Ұлттық ұланының «Burkit Team» командасы Назарбаев Университетінің өкілдерімен бірлесіп, табысты өнер көрсетті.

Чемпионат барысында команда бірнеше бағыт бойынша сынға түсті. «Киберқауіпсіздік» бағыты бойынша «Burkit Team» құрамында азаматтық сала мамандары мен Ұлттық ұланның киберқауіпсіздік бөлімшелерінің штаттағы әскери қызметшілері бірлесіп жұмыс істеді.

Азаматтық мамандардың тәжірибесі мен әскери қызметшілердің кәсіби даярлығы үйлесіп, аталған бағытта жоғары нәтиже көрсетуге мүмкіндік берді.

Жарыс қорытындысы бойынша «Burkit Team» жалпы командалық есепте 4-орынға ие болды. Команда «Тактика» және «Киберқауіпсіздік» бағыттарында 1-орынды жеңіп алса, «Квадрокоптерден граната тастау» сайысында 2-орынға табан тіреді.

Заманауи чемпионаттағы жеңістері үшін командаға кубоктар мен ақшалай сертификат табысталды.

«SHAIQAS-2026» чемпионатындағы нәтижелер Ұлттық ұланның «Burkit Team» командасының тактикалық даярлық, заманауи технологиялар және киберқауіпсіздік бағыттарындағы кәсіби деңгейін көрсетті.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1275042?lang=ru