Всеобщее декларирование — 2026

Всеобщее декларирование — 2026

19.08.2026 14:20:53 383

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: азаматтардың жекелеген санаттары 2025 жыл үшін 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыруға міндетті.

Тапсыру мерзімі — 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

Кім міндетті: мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар және жұбайлары; банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және жұбайлары; үлесі 10%-дан асатын заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары; жеке практикамен айналысатындар; өз бетінше салық салынуға жататын кірістер алғандар; шетелдік банктерде 1000 АЕК-тен асатын шоты барлар; цифрлық активтері барлар; 20 000 АЕК-тен асатын мүлік сатып алғандар (оның ішінде шетелде); алдын ала өзге шегерімдер туралы өтініш бергендер

Не көрсету керек: кірістер, шетелдік шоттар, шетелдік жылжымайтын мүлік, шетелдік компаниялардағы бағалы қағаздар мен үлестер, цифрлық активтер, берешектер.

Қалай тапсыруға болады: Электронды — Салық төлеушінің кабинеті, egov.kz, e-Salyq Azamat, eGov mobile, банк қосымшалары. Қағазбен — мемлекеттік кірістер органдарына, ХҚКО-ға немесе тапсырыс хатпен.

Уақытында тапсырыңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1276574?lang=ru