Қазақстан мен Латвия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
19.08.2026 18:57:14 225
Рига, 2026 жылғы 19 тамыз – Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшісі Д.Кәріповтің Латвияның Денсаулық сақтау министрі Х.Абу Меримен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Латвия арасындағы денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі кеңейту перспективалары талқыланды.
Сонымен қатар медициналық ұйымдар мен жоғары оқу орындары арасындағы тікелей әріптестікті дамыту, медицина мамандары арасында тәжірибе алмасу, кадрлық әлеуетті нығайту, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың басқа да перспективалық бағыттарына ерекше назар аударылды.
Осы тұрғыда Қазақстандық дипломат денсаулық сақтау саласындағы екіжақты байланыстарды жандандыру мақсатында екі елдің денсаулық сақтау министрліктері арасында ведомствоаралық Келісім жасасудың маңыздылығын атай отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген ведомствоаралық екіжақты келісімнің жобасын табыс етті.
Өз кезегінде Х.Абу Мери Қазақстанмен денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан-Латвия ынтымақтастығын практикалық мазмұнмен толықтыруға және екі елдің бейінді ведомстволары арасындағы тікелей байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.
Тараптар ведомствоаралық келісім жобасын егжей-тегжейлі пысықтау және ынтымақтастықтың практикалық бағыттарын айқындау мақсатында Қазақстан мен Латвия денсаулық сақтау министрліктерінің жауапты өкілдері арасында онлайн-кездесу өткізу туралы уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1276955?lang=ru