Қазақстан Елшісі Молдова Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Корина Кэлугэрумен кездесті

Қазақстан Елшісі Молдова Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Корина Кэлугэрумен кездесті

20.08.2026 07:26:54 333

Кишинев, 2026 жылғы 18 тамыз. ҚР Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Корина Кэлугэрумен кездесу өткізді.

А. Айдарбеков әңгімелесушісін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі, сондай-ақ а.ж. 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы туралы хабардар етті.

Елші іскерлік байланыстарды кеңейтуге, өзара сауданы әртараптандыруға және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға зор әлеует бар екенін атап өтті. Екі ел компанияларының табысты қызметіне мысал ретінде қазақстандық нарықтағы молдовалық «JLC сүт өнімдері» компаниясының, сондай-ақ Молдовадағы қазақстандық «Rompetrol», «Темір жол жөндеу», «Ақжол құрылыс», «ES Engineering» және «Dolce Pharm» компанияларының жобалары туралы атап өтілді.

Қазақстанның халықаралық бастамаларына ерекше назар аударылды. А. Айдарбеков молдовалық тарапты Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың БҰҰ қамқорлығымен Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі ұсынысы туралы хабардар етті. Аталған бастама су қауіпсіздігі саласындағы жаһандық ынтымақтастықты нығайтуға, халықаралық күш-жігерді үйлестіруге және су ресурстарын тұрақты басқаруды ілгерілетуге бағытталған. Қазіргі таңда өңірде климаттың өзгеруі, соның ішінде Молдовада су тапшылығының артуы жағдайында аталған бастама айрықша маңызға ие болып отыр.

Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы Қазақстанды жаңа Конституцияның қабылдануымен және Құрылтайдың алдағы сайлауымен құттықтады. Ол Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси өзгерістердің маңыздылығын атап өтіп, сайлаудың табысты өтуіне тілектестік білдірді.

К. Кэлугэрю Молдова тарапының Қазақстанмен қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделі екенін растады. Сонымен қатар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша тұрақты саяси байланыстарды жолға қоюдың және практикалық өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді байланыстарды нығайтуға және кеңейтуге өзара ниеттілігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1276999?lang=ru