Пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілді

Пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілді

20.08.2026 10:56:10 212

2026 жылдың тамыз айында Орал қалалық пробация  қызметі мен Мансап орталығының бірлесуімен Орал қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға жұмысқа орналасу, мамандық таңдау, кәсіби оқыту және қайта даярлау мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, азаматтардың сыртқы келбетіне көңіл бөлініп, шаштарын тегін қию бойынша көмек көрсетілді.
Аталған шараның негізгі мақсаты – пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, олардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау, жұмысқа орналасуына ықпал ету және әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету.
Осындай бірлескен әлеуметтік бағыттағы іс-шаралар пробация есебіндегі азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне және қалыпты өмір салтына оралуына оң ықпал етеді. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1277138?lang=ru