Ұлытауда облысында делдалдық схемаларды тексеру бойынша 32 комиссия отырысы өтті

Ұлытауда облысында делдалдық схемаларды тексеру бойынша 32 комиссия отырысы өтті

24.08.2026 15:26:49 184

2026 жылдың басынан бері Ұлытау облысы әкімінің өкіміне сәйкес құрылған комиссия аясында азық-түлік бағаларының қалыптасу тізбегіндегі делдалдық схемаларды тексеру бойынша 32 комиссия отырысы өткізілді.

Комиссия отырыстарының қорытындылары, Сауда комитетінің электрондық шот-фактураларға жүргізген ай сайынғы талдауы және жергілікті атқарушы органдардың мониторинг нәтижелері бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген 15 пайыздық шекті сауда үстемесін асыру фактілері анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабына сәйкес 94 кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік шаралар қолданылды.

Оның ішінде 3 кәсіпкерге профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Қалған 91 кәсіпкерге жалпы сомасы 2 млн 465 мың 250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 1 млн 232 мың 625 теңге өндірілді.

Баға жапсырмаларын рәсімдеу талаптары да бақылауда
Жергілікті атқарушы органдардың мониторингі барысында сауда нысандарында тауарларды баға жапсырмаларымен тиісті түрде рәсімдемеген 52 кәсіпкер анықталды.

Аталған кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 193-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде жалпы сомасы 2 млн 971 мың 275 теңге көлемінде айыппұл салынып, қысқартылған тәртіппен 1 млн 485 мың 637,50 теңге өндірілді.

Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы С. Жұманғарин 2023 жылғы 30 наурызда бекіткен Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі жол картасына Ұлытау облысынан «Мерей» және «Нарық» атты 2 сауда базары енгізілген.

Аталған сауда базарларында жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрақты бақылауда.

Кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Департамент тарапынан кәсіпкерлер арасында сауда саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

«Атамекен» ҰКП алаңында дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылып, кәсіпкерлердің сұрақтары бойынша тиісті түсіндірулер беріледі.

Сонымен қатар, отандық өнімді қолдау мақсатында жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін өткізуге және оларды сауда орындарында орналастыруға қатысты кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде баға мониторингі жүргізіледі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында облыс аумағында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.

Жәрмеңкелерде «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының тауарлары және жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің ет пен сүт өнімдері тікелей саудаланып, халыққа нарықтық бағадан төмен немесе қолжетімді бағамен ұсынылады.

Департамент қызметкерлері жәрмеңкелер барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары мен ассортиментіне тұрақты мониторинг жүргізіп, анықталған жағдайлар бойынша тиісті талдау жасайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1278982?lang=ru